Қазақстанның төрт азаматы Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – дереккөз
Оқиға Кенгидо штатының Хвасон қаласында болды

Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік жол апаты болды. ҚР төрт азаматы мінген көлік Сохэан тасжолында шұңқырға құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Koreajoongangdaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Апат салдарынан көліктегі төрт жерлесіміздің бәрі қаза тапты. Олардың мәйіттері әлі анықталған жоқ.
«Төрт адам мінген Mercedes-Benz көлігі Кенгидо штатының Хвасон қаласында сағат 12:30 шамасында жолдың оң жағындағы қоршауларға соқтығысып, бірнеше метрге ұшып кеткен. Ал соқтығысқаннан кейін көлік өртеніп кетті», - деп жазды жергілікті БАҚ.
Апат туралы хабарлама түскен соң дереу оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтіліп, өртті 30 минут ішінде сөндірді. Полиция оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.