28.03.2025, 07:44
Жаңалықтар
Қарағандыда әйел адам үйімен бірге тірідей өртеніп кете жаздады
Оқыс оқиға барак үлгіде салынған тұрғын үйде болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қарағанды қаласында әйел адам үйімен бірге тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Қарағандыда Степная көшесі бойындағы барак үлгісіндегі тұрғын үйде болды.
«Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары әйел адамды құтқарып қалды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт шағын алаңда толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген министрлік хабарламасында.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады