$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2025, 16:41
Қоғам

Египет әуежайында көз жұмған қазақстандық: ҚР СІМ тың мәлімет жариялады

Қазақстан Египеттегі әріптестерімен жолаушылардың қауіпсіздігі мәселесін шындап талқылаған

Египет әуежайында көз жұмған қазақстандық: ҚР СІМ тың мәлімет жариялады
Фото: @anvar_shalekenov

Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанованың өлімінен кейін Египет тарапы қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Смадияров марқұмның денесі елге 21 мамыр күні жеткізілгенін еске салды.

«Оқиғадан кейін біз Египет билігімен осы мәселені шындап талқыладық. Курорттар мен әуежайларда қазақстандық жолаушылардың қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілуін сұрадық. Өйткені Египет біздің туристер үшін танымал бағыттардың бірі», - дейді ол СІМ-де өткен брифингте.

Айтуынша, қазақстандық туристің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалған. Египеттің көлік министрі істі өз бақылауына алған.

«Египет тарапы моралдық өтемақыны төлеуге тиіс болған. Ал марқұмның денесін елге жеткізу жағын біз толығымен сақтандыру компаниясымен пысықтадық. Сол себепті шетелге демалуға немесе басқа да мақсатпен баратын азаматтарда міндетті түрде сақтандыру полисі болуы керек»,- дейді министрліктің ресми өкілі.

Естеріңізге салайық, 17 мамыр күні Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға ұшуға дайындалып тұрған Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанова жазатайым оқиғадан қаза тапты. Жолаушының үстіне жарнама экраны құлаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Египет #әуежай