$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жоқ, анашым, уақыт келген жоқ»: Египет әуежайындағы оқиға қалай өрбіді

Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық әйел қаза тапқан еді

«Жоқ, анашым, уақыт келген жоқ»: Египет әуежайындағы оқиға қалай өрбіді
Фото: ChatGPT арқылы жасалған

Шарм-эль-Шейх әуежайында қазақстандық әйелдің өлімімен аяқталған қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Туристердің айтуынша, дәл сол сәтте әуежайда жанжал мен төбелес болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жарнама тақтасы құлады

Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға ұшуға дайындалып жүрген Қазақстан азаматына үлкен жарнама экраны құлап кетіп, әйел оқиға орнында көз жұмды. Сол уақытта оның қасында баласы болған. Ол «Жоқ, анашым, уақыт әлі келген жоқ» деп жылаған.

«Жарнама тақтасы құлаған сәттегі соққының  қатты болғаны сонша, зардап шеккендердің құлағынан қан кетіп, оларды шок жағдайында алып кетті», — делінген жолаушылардың жазбаларында.

Тағы екі қазақстандық әйел әртүрлі жарақат алған. SCAT әуекомпаниясының мәліметінше, төртеуі зардап шеккен, екеуі ауруханаға жеткізіліп, қалған екеуіне медициналық көмек көрсетіліп, қонақүйге орналастырылған.

Әуежайдағы жанжал мен паспорты ұрланғандар жайлы мәлімет тарады

Осы трагедиямен бір уақытта әуежайда өзге де шулы оқиға болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнелерге сәйкес, сол сәтте Египет қызметкері бірнеше туристің – соның ішінде Қазақстан азаматтарының – төлқұжатын алып қашқан.

«Біздің азаматтар айқайлап, ол адамның төлқұжат ұрлағанын айтты. Артынан жүгіріп жетіп, тұншықтырғыш әдіспен ұстап алды. Кейін ол төлқұжаттарды қайтарып беріп, адамдардан өз видеосын өшіруді талап еткен», – делінген куәгерлер жариялаған видеода.

СІМ не деді?

ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқанын, консул қажетті көмекті көрсетіп жатқанын хабарлады.

«Египет тарапы Қазақстан азаматшасының қазасына байланысты көңіл айтты. Азаматтық авиация министрі жағдайды жеке бақылауына алды», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары