18.05.2025, 17:59
Жаңалықтар
19–21 мамырда мегаполистерде ауа райы қандай болады
Астанада жаңбыр жауып, күн бұлтты болады
Фото: © freepik.com
Алдағы үш күнде еліміздің ірі үш қаласында – Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы біршама тұрақты әрі жылы болмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жаңбыр жауып, күн бұлтты болады
- 19 мамыр: түнде жаңбыр жауады, күндіз бұлтты. Температура +7…+9°, күндіз +17…+19°.
- 20 мамыр: жауын-шашынсыз, күн бұлтты. +10…+12°, күндіз +22…+24°.
- 21 мамыр: жауын-шашынсыз, +13…+15°, күндіз +23…+25°. Жел – 9-14 м/с, кей күндері оңтүстік-батыстан соғады.
Алматыда найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін
- 19 мамыр: түнде – +15…+17°, күндіз – +20…+22°. Кей кезде жаңбыр жауып, найзағай болады.
- 20 мамыр: ашық ауа райы күтіледі. Күндіз +22…+24°.
- 21 мамыр: күн ашық, ыстық ауа райы орнайды – +28…+30°. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте аптап ыстық болады
- 19 мамыр: күн ашық, жауын-шашынсыз. +13…+15°, күндіз +26…+28°.
- 20 мамыр: түнде +13…+15°, күндіз +30…+32°.
- 21 мамыр: күн одан сайын ысиды – +32…+34°. Жел – 8-13 м/с, бағыттары ауысып отырады.
Ескерту және кеңес
- Күн ыстық болғанда сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішіп, көлеңкеде болуға кеңес беріледі.
- Ал жаңбыр жауатын өңір тұрғындарына қолшатыр алып жүру ұсынылады.
Көп оқылған
16.07.2026, 10:24
«Айналымы – 200 млрд теңге»: Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз темекі тасыған қылмыстық топтың «көкесі» лауазымды шенеунік болған
16.07.2026, 17:00
Бектенов өртеніп жатқан «Семей орманына» Шыңғыс Әрінов пен Ерлан Нысанбаевты шұғыл аттандырды
16.07.2026, 06:29
Павлодарда алаяқтарға алданған ерлі-зайыпты зейнеткер банк бөлімшесін жарып жіберді (ВИДЕО)
16.07.2026, 16:33
Air Astana күзге дейін Дубайға қатынайтын рейстерін тоқтатты