27.05.2025, 17:05
Қоғам
Қазақстанда тағы алты мереке пайда болуы мүмкін
Кәсіби мерекелерді бекітуге Еңбек министрлігі бастамашылық жасаған
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне тағы алты жаңа мейрамды қосуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Дәлірек айтқанда, министрлік елімізде мына кәсіби мерекелерді бекітуді ұсынып отыр:
- Қазақстан кәсіпкерлері күні;
- Қазақстанның қолөнершілер күні;
- Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлері күні;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні;
- Кадр қызметі жұмыскерлері күні;
- Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Бұдан бөлек, құжатта Энергетик күнінің датасын өзгерту көзделген. Бұйрық күшіне енсе, энергетика мамандары кәсіби мерекесін желтоқсанның үшінші жексенбісі емес, 22 желтоқсанда атап өтеді.
Бұйрық жобасы 12 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)