27.05.2025, 13:28
Қоғам
Қазақстанның қай өңірлерінде жылу электр орталықтары әбден тозған
Жылу желілеріне ерекше назар аударылады
Фото: tesiaes.ru
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтің ерекше бақылауында болатын жылу электр орталықтарын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Премьер-министр айтқан Арқалық ЖЭО, сосын Саран ерекше бақылауға алынады. Сарандағы нысан қыста жұмыс істеп шықса да, қазан айында ақау болғаны естеріңізде, оны бөлек бақылаймыз», - деді шенеунік Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр Степногор қаласының жылу желілері де ерекше назарға алынатынын атап өтті. Себебі жылу электр орталығы қаладан 20 шақырым жерде орналасқан.
«Сондықтан осы магистралдық желілерді біз ерекше бақылауға алдық. Ішінара бюджет есебінен, бір бөлігін тариф пен ұлттық жоба аясында жөндейміз», - деді ол.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды