08.06.2020, 22:33
Қоғам
Алматыда «Qazaqstan» телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус анықталды
Телеарнаның ғимараты толықтай карантинге жабылды
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда «Qazaqstan» телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус анықталды. Телеарнаның ғимараты карантинге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Вирус жұқтырғандар арасында журналист, оператор, жүргізуші және басқа да мамандар бар. Филиал директоры Сәуле Жиреншинаның айтуынша, қызметкерлердің кейбірінен КВИ белгісі анықталмаған.
«Біз профилактикалық тексеру жүргіздік. Нәтижесінде, ешқандай симптомы жоқ науқастардың бары анықталды. Олар бірден оқшауланды. Кейбіреулері 3-4 күн ауруханада жатып шықты. Олардың өкпесі таза екені анықталған. Тек бір операторымыздың ыстығы бір түсіп, бір көтеріліп тұр. Ол ауруханада жатыр», - деді Сәуле Жиреншина.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді