$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2025, 11:01
Қоғам

Египет әуежайында көз жұмған қазақстандық әйелдің денесін елге кім жеткізеді

Мәйітті жеткізу шығынын Египет тарапы көтереді

Египет әуежайында көз жұмған қазақстандық әйелдің денесін елге кім жеткізеді
Фото: @anvar_shalekenov

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесі елімізге бүгін жететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәйітті барлық қажетті процедура аяқталған соң, бүгін жеткізу жоспарланып отыр. Менің білуімше, шығынды Египет тарапы көтереді. Моралдық өтемақы бойынша да мәселе шешілген. Бұған қоса қазақстандық сақтандыру компаниясы қосылды», - деді Қуантыров Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, Египет әуежайында жеңіл жарақат алған екі отандасымыз да елге оралған.

«Египеттің азаматтық авиация министрі мәселені өз бақылауына алған. Сол күні-ақ арнайы комиссия жіберді. Біздің де консулдық көмектесіп жатыр», - деді министр орынбасары.

Естеріңізге салайық, 17 мамырда Египеттегі Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында жарнама тақтасы құлап, салдарынан бір қазақстандық әйел қаза тапқан еді. Тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары