$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2025, 16:54
Қоғам

862 млрд теңгеге заң бұзылған: ЖАП-тың аудитінен кейін кімдер жазаланды

Қаржылық заңбұзушылықтар 2023 жылмен салыстырғанда әжептәуір көбейген

862 млрд теңгеге заң бұзылған: ЖАП-тың аудитінен кейін кімдер жазаланды
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік органдарда жүргізілген аудит кезінде 862 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықтаған. Бұл туралы ЖАП мүшесі Нұрлан Нұржанов Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген қорытындысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен жылы Жоғары аудиторлық палата 27 аудиторлық іс-шара өткізген.

«Нәтижесінде 862 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65 пайызға көп. Бюджетке 135 млрд теңге өтелді. Аудит материалдары бойынша 175 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа, ал 198 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Нұржанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, былтыр өңірлерге бюджеттен жалпы 7 трлн теңге аударылған. 912 жобаны аяқтау жоспарланған, алайда әкімдіктердің мәліметінше есепті жылы тек 449 жоба немесе небәрі 49 пайызы аяқталған.

Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген қорытынды аясында жүргізілген бағалау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз басқарылу сомасы 147 млрд теңгені құраған.

Серіктес жаңалықтары