$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:22
Қоғам

Бірнеше сағат ұрған: Рудныйда танысын қатігездікпен өлтіргендер сотталды

Марқұмның туыстары 24 млн теңге өндіріп алған

Бірнеше сағат ұрған: Рудныйда танысын қатігездікпен өлтіргендер сотталды
Фото: pixabay

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рудный қаласының қасақана адам өлтірген екі тұрғынын 17 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға былтыр 20 желтоқсан күні кешке Рудный қаласында болған. Сотталушылар мен жәбірленуші ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ашуға булыққан сотталушылар арасында аздап үзіліс жасап, жәбірленушіні бірнеше сағат бойы асқан қатігездікпен соққыға жыққан. Көптеген дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында мерт болған.

Сотта екі сотталушы да кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, марқұмның анасынан кешірім сұрады.

Сот екеуін де Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы 5),7)-тармақшалары бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысын 17 жыл бас бостандығынан айырды. Олар қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтейді.

Бұған қоса сот жәбірленуші тараптың талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Осылайша екі сотталушыдан да марқұмның анасы мен әжесінің пайдасына моралдық және материалдық шығын, өкіл қызметінің ақысы ретінде 24 483 000 теңге өндірілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары