$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Лайк» үшін басы дауға қалған Шымкенттегі жастар ресурстық орталығының басшысы қызметінен кетті

Ол ендігі қызметі қай бағытта жалғасатынын айтты  

«Лайк» үшін басы дауға қалған Шымкенттегі жастар ресурстық орталығының басшысы қызметінен кетті
Фото: https://www.facebook.com/spatayev?locale=ru_RU

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Бақытжанұлы өз қызметін ресми түрде аяқтағанын хабарлады. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды», – деп жазды ол.

Марат Бақытжанұлы бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен жобаларды ерекше атап өтті. Ол жастармен жұмыс істеуді өзінің өмірлік ұстанымы ретінде бағалай отырып, әріптестеріне, сенім білдірген басшылыққа және серіктес ұйымдарға алғысын білдірді.

«Жастардың болашағына аз да болса үлес қосу – үлкен мәртебе. Бұл бағыттағы ізденісім мен еңбегім жалғаса береді», – деді ол.

Сонымен қатар, ол өзі басшылық еткен кезеңде ешқашан «кеңестік көзқараста» болмағанын айтып, болашақта да әріптестерімен сыйластықта болуға ниетті екенін білдірді.

Қызметінен кетсе де, Марат Бақытжанұлы Шымкент жастарының дамуына үлес қосу бағытындағы жұмысын жалғастыратынын атап өтті. Ол қала тұрғындарына және әріптестеріне алғысын білдіріп, игі тілектерін жолдады.

«Алдағы уақытта да шырайлы Шымқаламыздың гүлденуіне бірге атсалысамыз деген үміттемін», – деп қорытындылады ол өз үндеуін.

Еске салсақ, осыған дейін жастар ресурстық орталығында қызметкерлерге лайк үшін сөгіс берілуіне қатысты дау шыққан еді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жастар ресурстық орталығында лайк үшін туған дауға қатысты пікір де білдірген.

Серіктес жаңалықтары