$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2025, 17:00
Қоғам

«Келесі кеңес Қазақстанда өтеді»: Бейсембаев Қытайда білім министрлерінің алғашқы жиынына қатысты

«Қытай – Орталық Азия» Білім министрлерінің алғашқы кеңесі Үрімшіде өтті

«Келесі кеңес Қазақстанда өтеді»: Бейсембаев Қытайда білім министрлерінің алғашқы жиынына қатысты
Фото: оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қытай – Орталық Азия» Білім министрлерінің алғашқы кеңесіне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үрімші қаласында Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азия елдері – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның білім министрлері, сондай-ақ тиісті ведомстволар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен алғашқы кеңес өтті. Жиынның басты тақырыбы – білім беру саласындағы интеграция мен орнықты әріптестікті құру мәселелері болды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ғани Бейсембаев өз сөзінде осы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен білім беру бойынша ортақ бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екенін айтып, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы одан арғы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталды.

Дереккөзге сүйенсек, келесі министрлер кеңесі Қазақстанда өтеді. Ротация тәртібіне сәйкес, Орталық Азия елдері мен Қытайдың Білім министрлерінің екінші кеңесін өткізу құқығы Қазақстанға өтеді.

Серіктес жаңалықтары