$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2025, 10:15
Қоғам

Министрлік дабыл қақты: алаяқтар балаларды алдап, ата-аналарының деректерін ұрлап жатыр

Оның үстіне, алаяқтар балаларды оңай ақшаға тартып, қауіп төндіріп отыр

Министрлік дабыл қақты: алаяқтар балаларды алдап, ата-аналарының деректерін ұрлап жатыр
Фото: istockphoto.com

Оқу-ағарту министрлігінің бала құқықтары жөніндегі комитеті алаяқтар енді балаларды алдап, олардың өзі мен ата-аналарының ақшаларына қауіп төндіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық жағдайлары көбейіп кетті. Алаяқтар онлайн ойындар мен мессенджерлерді (әсіресе Telegram) пайдаланып, балаларды алдап, ата-аналардың банк карталарының деректерін қолға түсіруге немесе кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық әрекеттерге тартуға тырысады», - деп хабарлайды комитет.

Дәлірек айтсақ, алаяқтар балалардан ата-анасының картасын суретке түсіруді сұрайды. Болмаса өз карталарын жалға алмақ болады. Болмаса, достары мен сыныптастарының карталарын жинап әкел дейді.

Осыған байланысты комитет ата-аналарды қырағы болуға, балаларының онлайн өмірін бақылап отыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары