13.05.2025, 09:19
Қоғам
«Ауыр сөздерін көтере алмадым»: Қызылордада келіні енесін сотқа беріп, жеңіп шықты
Сот оның енесіне ескерту жасаған
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысы Қазалы аудандық соты келіні мен енесіне қатысты әкімшілік істі қараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотқа арызданған келіншек енесінің оған жаман сөздер айтқанын негіз еткен.
«Сот анықтағандай, енесі келінін сыйламай, оған былапыт сөздер айтып, үйдегі тыныштықты бұзған. Жәбір көрген келіншек енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін айтып, оған жаза қолдануды сұраған», - деп хабарлайды Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотта енесінің кінәсі толық дәлелденген. Қазалы соты әйелді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, ескерту жасаған.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 17:55
Алматы мен бірқатар өңірде жаппай жарық өшті: Энергетика министрлігі себебін түсіндірді
14.08.2026, 18:18
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)