$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2019, 11:57
Қоғам

Жыл басынан бері балабақшалар көрсеткен қызмет құны 180,9 миллиард теңгені құрады

2018 жылы еліміздегі мектепке дейінгі мекемелердің саны 4,9 пайызға көбейіп, 10,3 мыңға жеткен. Сонда да бұл мәселе түбегейлі шешімін таппай келеді, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» ақпарат агенттігі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері балабақшалар көрсеткен қызмет құны 180,9 миллиард теңгені құрады
Фото: ашық дерек көзінен

Қазақстан балабақшаларында 100 орынға 106 баладан келеді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 100 орынға 96 адамнан болған еді. 2018 жылы 17 өңірдің төртеуінде ғана балабақшада орын тапшылығы болмаған.

2019 жылдың екінші тоқсанында мектепке дейінгі білім беру саласында көрсетілген қызмет құны 96,1 миллиард теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,4 пайызға көп.

Қаржының 78,4 пайызы бюджет, 21,2 пайызы халықтан түскен қаржы, қалғаны мекемелер есебінен жұмсалған. 

Жалпы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мектепке дейінгі мекемелер көрсеткен қызмет құны 180,9 миллиард теңге. Өткен жылы бұл көрсеткіш 156 миллиард теңге болған.

Мектепке дейінгі білім беру саласында ең көп қаржы Түркістан облысында жұмсалған. Одан кейін тізімде Алматы қаласы мен Алматы облыстары тұр. Бестікті Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қалалары толықтырды.

2019 жылы 3-6 жас аралығындағы балдырғандарды балабақшамен қамту 100 пайызға жетуі тиіс. 

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде мектепке дейінгі білім беру саласында көрсетілген қызмет түрлерінің құны 96 миллиард теңгеге жеткен.

Қазір білім саласындағы басты мәселелердің бірі – халықты балабақшамен және мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету. 2018 жылы Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 10,3 мыңға жетіп, 4,9%-ға артқан. Алайда жаңа орындар көп ашылғанмен, өткен жылы жалпы көрсеткіш бойынша елімізде 100 орынға 105,9 баладан келді. 2017 жылғы көрсеткіш бойынша 100 орынға 96,1 баладан келетін.

2018 жылы еліміздің 17 өңірінің 13-інде 100 орынға 100-ден астам баладан келді, тек төрт өңірде ғана мектепке дейінгі ұйымдарда (Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстары және Шымкент қаласында) орын мәселесі болған жоқ. Өткен жылы Ақтөбе (100 орынға 129 бала), Қостанай (128,7 бала), Павлодар (116,8 бала) және Қарағанды облыстарында (114 бала) орын жетіспеушілігі байқалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#балабақша