$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның электр желілерін дрон, ал жылу құбырларын робот тексереді

Энергетика саласына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі

Қазақстанның электр желілерін дрон, ал жылу құбырларын робот тексереді
Фото: istockphoto.com

Энергетика министрлігі дрон, робот және жасанды интеллектінің көмегімен электр желілері мен жылу құбырларындағы ақауларды тексеріп, миллиардтаған теңгені үнемдеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігі осы салада ЖИ технологияларын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған. Оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.

«Параллельді түрде салада жасанды интеллект шешімдері бар жаһандық вендорлар мен ІТ-компаниялардан құралған AI-альянс құрылды. Отандық ІТ әзірлеушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі мен Astana Hub резиденттері арасында салаға жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды», - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл екі жасанды интеллект шешімі пилоттық апробациядан сәтті өткен:

Бірінші кейс – дрондар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, электр беру желілерінің ақауын әуеден тексеру (дефектоскопия) жүйесі. Күтілетін экономикалық тиімділік — 2,5 млрд теңге.

Екінші кейс – роботтандырылған кешен мен жасанды интеллектінің көмегімен жылу желілерінің құбырішілік дефектоскопиясы. Күтілетін экономикалық тиімділік жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау есебінен 42 млрд теңгені құрайды.

«Осы екі кейс те қазір нормативтік бекіту және өнеркәсіптік масштабтау кезеңінде тұр», - деді министр.

Энергетика министрлігі ЖИ технологияларын жүйелі түрде енгізу жұмысын жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары