$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей түрмесіндегі дүрбелең: ҚАЖК қыз зорлаған адамның ауруханада көз жұмғанын растады

Комитет әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды дейді

Семей түрмесіндегі дүрбелең: ҚАЖК қыз зорлаған адамның ауруханада көз жұмғанын растады
Фото: istockphoto.com

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған ақпаратты жоққа шығарып, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен. Айта кетейік, әлеуметтік желіде түрмеде жатқан оншақты адам ауруханаға түсті деген ақпарат тараған еді.

«Абай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түрмеде оншақты адамның жаппай ауруханаға түскені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан бір адам ауырып, медициналық бөлімшеге түскен. Оны тексерген дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда бұл шараларға қарамастан, ол адам ауруханада көз жұмды», – деп хабарлайды департамент.

Департамент жалған ақпарат таратудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары