$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды

Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды
Фото: Instagram/kff_team

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Клубтық мансабы

Андрей Морев қазақстандық футболда өзіндік із қалдырған ойыншылардың бірі болды. Ол «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған.

«Ақтөбеде» ойнаған жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. 2005 жылы Қазақстандағы үздік қақпашы деп танылған.

Ұлттық құрамдағы ойындары

Морев Қазақстан құрамасы сапында екі матчқа қатысқан. Оның дебюттік кездесуінде қарсылас Түркия құрамасының пенальтиін қайтарып, жанкүйерлер қошеметіне бөленген еді.

Көңіл айту

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

«Андрей Моревтің есімі отандық футбол тарихында қалатыны сөзсіз. Ол командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады», — деп жазды ұйымның ресми парақшасы.

Серіктес жаңалықтары