$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдай туралы пікір білдірді

Екі ел бейбіт келісім жасаған еді

СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдай туралы пікір білдірді
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысты реттеуге бағытталған бірлескен декларацияның қабылдануын құптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Декларация АСЕАН саммитінде қабылданды

Құжат 25–28 қазан күндері Куала-Лумпурда өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) 47-саммиті аясында қабылданған. Декларацияға Таиланд корольдігі мен Камбоджа корольдігі басшылары қол қойды. Процеске АҚШ президенті Дональд Трамп пен Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим тікелей қатысқан.

Қазақстан қандай мәлімдеме жасады?

ҚР СІМ бейбіт келісім аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Бұл келісім БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сүйенеді және кез келген қақтығысты тек дипломатиялық жолмен шешудің баламасыз екенін көрсетеді», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Аймақтағы тұрақты ынтымақтастыққа жол

Министрлік бұл құжаттың екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтатынын, аймақтық әріптестікті кеңейтуге серпін беретінін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары