$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2025, 17:50
Қоғам

Енді көші-қон қызметі қазақстандықтардың ескі төлқұжатын дереу алып қоя алады

Ішкі істер министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын жариялады

Енді көші-қон қызметі қазақстандықтардың ескі төлқұжатын дереу алып қоя алады
Фото: сыртқы істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына жаңа бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бұйрықтың жобасы паспорт тапсыру рәсіміне өзгеріс енгізуді көздейді. Қазіргі ереже бойынша көші-қон қызметі азаматқа жаңа паспортын ұсынған кезде ғана ескісін өзіне алатын. Дереккөзге сүйенсек, Қазақстанда жарамсыз құжаттарды қайта пайдалану фактілері тіркелген екен.

«Осыған байланысты, бұндай фактілерді болдырмау мақсатында, уәкілетті органға жаңа паспорттарды ресімдеу кезінде ескі құжатты дереу алып қою ұсынылады. Бұл ретте, паспортты уақытша пайдалану қажет болған жағдайда (жаңасын алғанға дейін) азаматтарда себебін көрсете отырып, ерікті өтініш жазу негізінде ескі паспортты қолында қалдыру мүмкіндігі болады», - деп жазылған бұйрықтың мәтінінде.

Құжат 26 мамырға дейін талқыланады.

Серіктес жаңалықтары