$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2025, 10:24
Қоғам

Қазақстанда медбикелер білім алатын тоқсаннан астам колледждің 72-сі – жекеменшік

Еліміз бойынша мейірбикелерге білім беретін 22 мемлекеттік колледжд бар екен

Қазақстанда медбикелер білім алатын тоқсаннан астам колледждің 72-сі – жекеменшік
Фото: freepik.com

Қазақстан бойынша мейірбикелерді оқытатын 94 медициналық колледждің 22-сі – мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік. Қазір елдегі ауруханалар мен емханаларда 146 мыңнан астам мейіргер жұмыс істейді. Халықаралық мейіргер күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі осындай мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір кеңейтілген практика мейіргерлері өз бетінше науқастарды бірінші қабылдап, олардың динамикалық бақылауын жаза алады. Сондай-ақ медициналық құжаттар мен электрондық жазбаларды жаза алады. Дәрігердің тағайындауы бойынша ақпараттық жүйелер арқылы тегін рецепт жазып береді. Пациенттер ағынын реттеп, сұрыптайды, оларды қабылдауға жазады», - деп хабарлайды министрлік.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстанда 94 медициналық колледж мейіргерлерді оқытады, оның ішінде 22-сі – мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік.

«Олардың 39-ы – жоғары медициналық колледж мәртебесіне ие. Жыл сайын елімізде 23 000-нан астам жалпы бейінді маман даярланады, ал соңғы алты жылдың ішінде қолданбалы бакалавриат дипломы бар 20 000-нан астам мейіргер денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа тұрды», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары