Марат Ахметжанов мектеп оқушыларының ашық сабағына қатысты
Ашық сабақтың тақырыбы Отан қорғаушылар күніне арналып отыр

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына барып, түлектердің ашық сабағына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақ «Ұрпақтар сабақтастығы: тарихымызды сақтау арқылы Отанды қорғау» тақырыбында өтті. Мектеппен қоштасқалы отырған балалар облыс әкіміне сұрақ қойып, өңірдің даму барысы туралы ақпарат алған.
«Жастар – еліміздің ертеңі. Олардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Ақмола облысында заманауи мектептер мен бірегей спорт кешендері бар. Түлектерге арналған білім гранттары қарастырылған. Ең бастысы – адал еңбек етіп, үнемі ізденісте болу қажет», – деді облыс әкімі.
Ахметжанов сондай-ақ әкімнің гранты мен стипендиясы бар екенін атап өтті.