$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2025, 17:07
Қоғам

Солтүстік Қазақстанда 103 жастағы ардагер Валентина Волкодав өмірден озды

Ол Жеңістің 80 жылдығын көре алмай кетті

Солтүстік Қазақстанда 103 жастағы ардагер Валентина Волкодав өмірден озды
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын соғыс ардагері Валентина Архиповна Волкодав 103 жасында дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, Валентина Архиповна майданға 19 жасында аттанды. Ол Белорусь және Украина майдандарында көпір салу батальонында қызмет етіп, жаудың оқ жаудырған жағдайында көпір тұрғызып, әскердің алға жылжуына жол ашты.

«Ол Волгадан Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті. Ұлы Отан соғысы II дәрежелі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ел игілігі үшін еңбек етті – Целиноградтағы керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеді. Соңғы 30 жылдан астам уақытын Петропавлда өткізді», - деп хабарлайды әкімдік.

Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстарына көңіл айтып, оның ғибратты өмірін сөз еткен.

«Соғыстың ауыртпалығына қарамастан, Валентина Архиповна әрдайым жарқын жүзді, қайратты әрі өмірге құштар жан болды. Биыл ол 103 жасқа толған. Нағыз батырдың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазған Нұрмұхамбетов.

Серіктес жаңалықтары