Енді eGov Mobile жеке деректердің жария болуын тексере алады
Ол үшін қазақстандықтар Nomad Guard мобильді сервисіне жүгінуі керек

Енді eGov мобильді қосымшасын пайдаланатын азаматтар жаңа Nomad Guard мобильді сервисі арқылы өз деректерінің қауіпсіздігін тексере алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, жаңа сервис қолжетімді болады. Ал оны жүктеп алған азамат қандай да бір сілтеме арқылы қауіпті сайттарға кірсе, жеке деректері таралып жатқанын бірден ескертеді.
«Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 53%-ы жеке деректерін интернеттен көрсе, қайда жүгіну керек екенін білмейміз деп жауап берген. Мұндай деректер соңғы уақытта 50 мыңнан астам адам қатысқан eGov мобильді қосымшасындағы онлайн сауалнамадан анықталды. Азаматтардың 31%-дан астамы фишингтік сілтемелердің не екенін түсінбейді, ал бұл – онлайн алаяқтардың негізгі құралдарының бірі. Тек әрбір бесінші адам фишингті нақты веб-сайттардан ажырата алады», - деп хабарлайды компания.
Жеке деректерін қорғағысы келетін азаматтар eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Басқа сервистер» бөліміне өтуі керек. Ары қарай «тексер» батырмасын басып, өз деректерін жіберуі керек.