$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2025, 11:40
Қоғам

Денсаулық сақтау министрі оқ тиген Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты

Шенеунік әлі дәрігерлердің бақылауында

Денсаулық сақтау министрі оқ тиген Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
Фото: gov.kz

Шымкент әкімдігінің алдында оқ тиіп жараланған қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оның жағдайы - тұрақты ауыр. Ауруханаға түскен кезде хирургтардың екі бригадасы төрт сағат бойы медициналық шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалды, жағдайы тұрақталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Әзірге дәрігерлердің бақылауында», - деді Әлназарова Үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдіктінің үстінен «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде Берденов күдіктінің әйеліне қырындағаны туралы қауесет тараған. Алайда көп ұзамай қала билігі мұны ресми түрде жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары