$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:00
Қоғам

Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің үстінен адам өлтіруге оқталу бабы бойынша іс қозғалды

Қала әкімінің орынбасары ауруханада жатыр

Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің үстінен адам өлтіруге оқталу бабы бойынша іс қозғалды
Фото: gov.kz

Шымкент полициясы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан күдіктінің үстінен «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы тұрақты.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде Берденов күдіктінің әйеліне қырындағаны туралы қауесет тараған. Алайда көп ұзамай қала билігі мұны ресми түрде жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары