$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бірлігіміз – басты құндылығымыз»: депутат Қайрат Балабиев ҚХА сессиясы туралы өз ойын білдірді

Ол «Достық» үйлерін көптеп салуды құптады 

«Бірлігіміз – басты құндылығымыз»: депутат Қайрат Балабиев ҚХА сессиясы туралы өз ойын білдірді
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІV сессиясына қатысты пікір білдіріп, ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанның көпұлтты құрылымы – ел бірлігінің тірегі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайрат Балабиев өз сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел бірлігі туралы айтқан пікірлерін мысалға келтірді. Президент Қазақстанды түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ қара шаңырағы ретінде сипаттап, елдегі этносаралық келісімнің тарихи тамырларына тоқталды.

«Бір емес бірнеше ұлт пен ұлыстың қасиетті қара шаңырағы - Қазақстан. Президент бұл турасында: «Қазақстан – тағдырдың жазуымен шетте туып, шетте өскен барша қазақтың тарихи Отаны. Шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі ана тілі мен ата дәстүрін берік ұстанып келеді. Ел бірлігі – ең алдымен, күллі қазақтың бірлігі. Екіншіден, ел бірлігі – қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этностың бірлігі. Біз бұл туралы үнемі айтамыз.  Кезінде Қазақстанға миллиондаған адам жер аударылды. Халқымыз олардың ешқайсысын жат көрмей, бауырына басты. Сол буыннан тараған миллиондаған адам – қазір Қазақстанның толыққанды адал азаматтары. Олар мемлекетімізді дамытуға зор үлес қосып, ел игілігіне қызмет етіп жүр», - деп атап өтті», - дейді ол.

Депутат мемлекет басшысының Түркістанда ашылған «Достық» үйін үлгі ретінде мысалға келтіріп, Алматы облысы мен өзге де қалалар мен аудан орталықтарында салуды тапсырғанын атай келе, түрлі этнос өкілдері қоныстанған Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу ұсынысын құптады.

«Барлық аймақтағы Достық үйлерін туристік бағыттар картасына енгізіп, құзырлы орган басшылары мен әкімдер Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. «Елдесу және татуласу» жобасын алдағы екі жылда бүкіл елге таратып, Үкімет пен әкімдер Ассамблеяның басқа да жобаларын қоғамдық-саяси жұмыс жоспарларына қосып, нақты шаралар қабылдау керектігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «... Екіншіден, ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн», - деді. Президент «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдалану үшін Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлерін көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Этномәдени бірлестіктер жинаған бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларын еліміздің мәдени мұрасына айналдыруды жөн деп тапты», - дейді депутат.

Қайрат Балабиев президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемдегі диалог пен мәдени әралуандықты нығайтуға қосып отырған үлесі туралы сөзіне тоқталды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өкінішке қарай, дүние жүзі сенім дағдарысымен бетпе-бет келген шақта экстремистік идеологияның оралуы, популизм мен талас-тартыстың өршуі, халықаралық құқықтың құнсыздануы, негізгі халықаралық институттардың әлсіреуі байқалады. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң ұстануды, Ұйымды реформалауды дәйекті түрде ұсынып келеді. Қазіргі жағдайда БҰҰ баламасы жоқ ғаламдық ұйым болып қала береді. Сондықтан біз БҰҰ-ны қолдаймыз. Еліміз түрлі мемлекеттер мен аймақтардың арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, өркениетті диалогты дамытуға дәнекер болу үшін көп күш жұмсап келеді. 20 жылдан аса уақыттан бері барлық негізгі конфессиялардың өкілдері әр үш жыл сайын Қазақстанда бас қосады. Биыл күзде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIIІ съезін өткізу жоспарланып отыр.

Былтыр Астанада Съездің Ізгілік елшілері сайланды. Олар адамгершілік идеяларын ілгерілетіп, әлемде диалог пен өзара түсіністік орнатуға ықпал етеді. Халықаралық қатынастардағы сенімсіздікті еңсеру үшін рухани дипломатиядан бөлек, ҚХА қызметімен ұштасып жатқан халықтық дипломатияның да мол әлеуетін пайдалану керек. Әртүрлі ел мен мәдениет өкілдерінің арасындағы достық байланыс қақтығыстар мен соғыстардың алдын алады. Бұл – ең тиімді тәсіл. Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемдегі диалог пен мәдени әралуандықты нығайтуға қызмет етеді. Бүгінде әлем жалпыға ортақ өрлеуге бағытталған жасампаз күн тәртібі мен үлкен жобалардың тапшылығын қатты сезініп отыр. Қазақстан барлық серіктесімен көпжоспарлы әрі нәтижелі жұмысқа ден қояды», - деді», - деп сөзін аяқтады депутат.

Серіктес жаңалықтары