Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі

Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 1 маусымға дейін жалғасады

Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі
Фото: ҰОК

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалауын көтерді. Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінің шеберлері ел қоржынына 6 медаль салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бозкілемде белдескен отандастарымыз 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдені иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков пен 97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ал 72 келідегі Ибрахим Нурмухаммед, 77 келідегі Әлихан Дурсунов және 130 келі салмақтағы Джохар Узаров финалда есе жіберіп, күміс медальмен марапатталды. Сонымен қатар, 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Кирилл Минько қола медаль жеңіп алып, үздік үштікті қорытындылады.

Дүбірлі дода мұнымен аяқталмайды. Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 1 маусымға дейін жалғасады.