24.05.2026, 10:35
Жаңалықтар
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Жалын шарпыған жалпы аумақ 15 шаршы метрді құрады
Фото: ТЖМ
Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан бір қабатты дүкен ғимаратынан өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды жылдам ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалын шарпыған жалпы аумақ 15 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндіру барысында қауіпті аумақтан 1 газ баллонын сыртқа алып шығып, үлкен жарылыстың алдын алды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Осы оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі сауда нысандарының иелері мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады