24.05.2026, 06:14
Әлем
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
Жерасты дүмпуі Эгей теңізі маңында сезілген
Фото: istockphoto.com
Эгей теңізінде магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпуі 23 мамыр күні сағат 16:34-те Түркияның туристер көп баратын өңірлерінің бірі – Мугла провинциясындағы Датча ауданы жағалауында тіркелген.
Түркияның төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы – AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінің акваториясында орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 12,4 шақырым тереңдікте болған. Ал Датча ауданына дейінгі қашықтық 135,75 шақырымды құраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі жағалаудағы аудандарда сезілген. Қазіргі уақытта қаза тапқандар, зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды