Бүгін, 08:28
Қоғам

«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр

Қаскөйлер жалған хабарлама арқылы сілтемеге өткізіп, азаматтардың жеке деректерін қолға түсіруге тырысады

«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында жалған айыппұл хабарламаларын жіберетін алаяқтық деректері көбейген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарға «ҚР Жол полициясы департаменті» атынан SMS-хабарламалар келіп, онда көрсетілген сілтеме арқылы айыппұлды шұғыл төлеу талап етіледі.

Полиция департаменті мұндай хабарламаларды алаяқтар таратып жатқанын ескертті. Олардың мақсаты – азаматтардың банк картасы деректерін қолға түсіріп, ақшасын иемдену.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз сайттарға банк картасының мәліметтерін енгізбеуге шақырды.

Айыппұлдың бар-жоғын тек ресми мемлекеттік сервистер – qamqor.gov.kz, eGov.kz порталы және банк қосымшалары арқылы тексеруге болады.