ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ақмола облысында бір отбасы түгелдей коронавирус жұқтырған

Олардың ішінде 9, 6, 1 жастағы балалар бар

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді. Вирус табылғандардың бәрі Целиноград ауданының Қараөткел кентіндегі бір отбасы екені анықталды.

Олар — 1964 жылғы ер адам, 1991 жылғы әйел адам және 2011, 2014, 2019 жылдары туған балалар. Олардан сынама бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін алынған. Олар емделу үшін Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерге жіберіледі.

Енді КВИ анықталған тұлғалармен жақын және туыстық байланыста болған адамдарды анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары вирусты жұқтырғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша жасалады.

Соңғы мәлімет бойынша, Ақмола облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 172 адам тіркелген, оның ішінде 138 адам емделіп шыққан.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады