ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Атыраудан Шымкентке әуе рейсін ашу жоспарлануда

Екі қала арасында қатынайтын әуе рейстерін қазақстандық FlyArystan жүзеге асырады

Фото: facebook.com/FlyArystan

Жуырда Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде айтылды.

Бірінші кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» рейстері іске қосылмақ. Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыс тұрғындарын қолжетімді әуе билетімен қамтамасыз ету мақсатында FlyArystan авиакомпаниясымен келіссөздерді бастаған болатын.

Тараптар келісімді талқылап, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейстерін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Болашақта әуе компаниясы еліміздің барлық бағыттарына қатынайтын рейстер ашуға ниетті.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады