$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2025, 18:00
Қоғам

Биыл мамырдан бастап «Астана-Петропавл» рейсінің кестесі өзгереді

Бүгін көлік вице-министрі Петропавлға барып, бірқатар мәселені талқылады

Биыл мамырдан бастап «Астана-Петропавл» рейсінің кестесі өзгереді
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Келесі жылдан бастап Петропавл мен Ақтау арасындағы әуе билеті арзандауы мүмкін. Ал, биыл 11 мамырдан бастап Астана мен Петропавл арасындағы ұшақ кестесі өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сүйенсек, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Петропавл қаласына барып, әуежайдың жұмысын тексерді.

«Әуежай басшылығы «Петропавл-Алматы» бағытын субсидиялау мерзімін одан әрі ұзарту, сондай-ақ келесі жылдан бастап «Петропавл-Ақтау» бағытын субсидиялау мәселесін көтерді. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесе пысықталмақ. «Астана-Петропавл» әуе рейсінің кестесі 2025 жылғы 11 мамырдан бастап өзгереді», - деп хабарлайды комитет.

Яғни, енді жұма және жексенбі күндері Астанадан Петропавл қаласына ұшатын уапқыт 15:30-ға, ал Петропавлдан елордаға ұшатын уақыт 17:00-ге ауысады.

Серіктес жаңалықтары