21.04.2025, 16:32
Қоғам
Қосшыда үш жыл бойы балаларынан қашып жүрген әке сотталып кете жаздады
Ол балаларына 1,1 млн теңге көлемінде алимент төлеп, бостандықта қалды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғыны үш жыл бойы балаларына алимент төлемей қашып жүрген. Өзіне қатысты қылмыстық іс тіркелген ол 1,1 млн теңге көлемінде алимент төлеп бергеннен кейін ол бостандықта қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, бұл ер адамға қатысты қасақана алимент төлемегені үшін қылмыстық іс тіркеген.
«Осылайша, ол алименттегі қарызының жарысын, яғни, 1 172 249 теңге сомасында төлем жүргізіп, екеуара медиацияға келгендіктен бостандықта қалған», - деп хабарлайды прокуратура.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді