$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2025, 06:40
Қоғам

«Әйелімді жақсы көрмедім»: Арман Әшімов жан сырын ақтарды

Ол болашақ әйелінің жағдайына қарамағанын атап өтті

«Әйелімді жақсы көрмедім»: Арман Әшімов жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ashimarman92/

ММА жауынгері Арман Әшімов отбасын есеппен құрғанын айтты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy B1rinshibol ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Спортшының сөзінше, ол келіншегін жақсы көріп үйленбеген, оның жақсы әйел болатынына ғана қараған.

«Мен әйелімді жақсы көріп үйленген жоқпын. Оның жақсы әйел болатынын білдім. Бірақ үйленген соң жақсы көріп кеттім. Есеппен үйленген адаммын», - деді Әшімов.

Спортшы әйелінің жағдайына қарамағанын, оның асып-тасып жатқан ештеңесі болмағанын атап өтті.  

«Әйтпесе біздікілер тізерлеп отырып ұсыныс жасап, үйленіп алады. Сонан соң «жүгіріп қызмет ет» дейді. Ол әке-шешесінің көзінше қимылдағанымен, олар кеткен соң: «әй, сорлы, кезінде тізерлеп отырып, гүл берген кім? Көп сөйлеме» дейді. Анау жігіт аузын аша алмай қалады. Кейіннен қайын жұртына көшіп кетеді», - деп толықтырды спортшы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #отбасы