$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:54
Қоғам

Жамбыл облысында төрт баласын көршісіне тастай беретін әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Бұл әйел балаларын бөтен адамдарға қаратып қанай қоймай, ішімдік ішетіні анықталды

Жамбыл облысында төрт баласын көршісіне тастай беретін әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Фото: freepik.com

Жамбыл облысының полициясы кәмелет жасына толмаған төрт баласы бірнеше рет көршісіне қаратып, бөтен адамдардың жанына тастап кеткен. Сонымен қатар, әйел жиі ішімдік ішетіні анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 38 жастағы әйелдің төрт баласы бар әрі ол жиі-жиі ішімдік ішеді.

«Сонымен қатар, ол балаларын бірнеше рет бөтен адам мен көршілеріне тастап кеткен. полиция бұл отбасы туралы 2024 жылдың қарашасында білді, яғни, балалары ұзақ уақыт мектепке бармаған. Тағы бірде анасы балаларды жақсы танымайтын адамның үйіне тастап кеткен кезде полиция төртеуін бейімдеу орталығына апарған. Осы жолы әйелге қатысты әкімшілік хаттама жазылған. Енді оның ата-ана құқығынан шектеу мәселесі кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралады», - деп хабарлайды полиция.

Серіктес жаңалықтары