$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:36
Қоғам

Астанада сот орындаушы алиментті бір жыл бойы баланың анасына емес, өзінің туысына аударып келген

Құзырлы орган жеке сот орындаушыларының шоттарын тексеруі керек дейді депутат

Астанада сот орындаушы алиментті бір жыл бойы баланың анасына емес, өзінің туысына аударып келген
Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева борышкер ата-аналардан алимент өндіріп алатын сот орындаушыларының ерсі әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, кейбір сот орындаушылары борышкерден өндірілген ақшаны өндіріп алушының шотына дер кезінде аудармайды. Тіпті өз қажетіне жаратып, ақшаны жымқыратындар да бар.

«Сот орындаушылары өндіріп алушыларға берілуі тиіс қомақты ақшаны өз шотында жинақтайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбірі ақшаны аударуға асықпайды. Бұған қоса, өндіріп алушының ақшасын толығымен иемденіп алған ерсі жағдайлар да бар. Мысалы, Астанада сот орындаушысы бір жыл бойы алиментті ұрлап отырған, 1 миллион теңгеге жуық ақшаны баланың анасына аударудың орнына өзінің жақын адамына аударып келген», - дейді Имашева Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Бас прокуратура 2022 жылғы тексеріс кезінде еліміздің алты өңірінде өндірілген ақшаны уақытылы аудармаудың 700-ге жуық фактісін анықтаған.

«Уәкілетті орган жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылардың ақшасын аударуға арналған ағымдағы шоттарына бақылау жүргізуі қажет», - деп санайды депутат.

Имашеваның айтуынша, жеке сот орындаушылары өз жұмысы үшін өндіріп алынған соманың 25%-нан 3%-на дейінгі мөлшерде сыйақы алады. Егер борыш сомасы 60 АЕК-тен аз болса, сот орындаушысына 25% төленеді. Көбінесе бұл айыппұлдар, салықтар, шағын займдар.

«Алайда атқарушылық құжат мәжбүрлеу шараларын қолданбай орындалса да, борышкер сот орындаушысының қызметтеріне ақы төлеуге міндетті. Сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу жүйесі мәжбүрлеп орындау бойынша қабылданған іс-әрекеттерге байланысты болуы тиіс және егер жеке сот орындаушылардың қызметі пайдаланылмаса, онда олардың қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар ауыртпалығынан босату керек», - дейді Имашева.

Серіктес жаңалықтары