$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір үйдің жалғыз қызы»: Қордайда зорланып, жүкті болған жасөпірім туралы тың ақпарат шықты

Қыз босанғанша ауруханада жатады 

«Бір үйдің жалғыз қызы»: Қордайда зорланып, жүкті болған жасөпірім туралы тың ақпарат шықты
Фото: Freepik

Жамбыл облысы Қордай ауданында белгісіз адамдар зорлап, жүкті еткен 14 жастағы қыз туралы тың мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2011 жылы туған қыз баланың жеңіл дәрежедегі даму қабілетінің, ақыл-ойының артта қалу диагнозымен мүгедектігі бар.

«Көпбалалы, толық отбасында өскен. Үй-тұрмыстық жағдайы орташа. Қазіргі уақытта үйде оқу бағдарламасымен білім алады. 2025 жылдың 30 қарашасында кәмелет жасына толмағанның денсаулығына байланысты заңды өкілі - анасымен бірге  аудандық орталық ауруханасына орналастырылған», - деді редакция сауалына жауап берген Жамбыл облысының білім басқармасының өкілі.

Еске салсақ, кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс өткен мамырда болған. Полицияның дерегінше, күдікті ұсталып, тергеліп жатыр. Әлеуметтік желіде қызды топ адам зорлаған деген ақпарат кездеседі.

Серіктес жаңалықтары