$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2025, 17:45
Қоғам

«Аста-төк салтанат пен қымбат кортеж»: Астана түлектері мектеппен қалай қоштасуы керек

Әкімдік желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

«Аста-төк салтанат пен қымбат кортеж»: Астана түлектері мектеппен қалай қоштасуы керек
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі әлеуметтік желіде тарап жатқан кейбір ақпараттарды жоққа шығара отырып, қала түлектері мектеппен қоштасқанда не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіндірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәселен, әкімдік әлеуметтік желіде тарап жатқан «биыл мектеп түлектерінің салтанатты шаралары өтпейді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Мектеп түлектеріне арналған салтанатты шаралар дәстүрді форматта өтеді. Яки, түлектер лента тағып, естелік ретінде суретке түсіп, мектепте вальс билеуге рұқсат бар. Ал, алда келе жатқан емтихан кезеңін ескере отырып, сабыр сақтап, артық шығындарға жол бермеуге шақырамыз. Түлектердің бәріне қауіпсіз әрі тең жағдай жасау үшін аста-төк салтанат пен ақша жинау дәстүрін, көлікпен серуен жасап, өзге дже ұсақ-түйекке жол бермеуге шақырамыз», - деп хабарлайды әкімдік.

Серіктес жаңалықтары