17.04.2025, 18:00
Қоғам
Енді ата-аналар зейнетақы жинағының артылған бөлігін балаларының еміне жұмсай алады
Тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізілген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігі ««Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізген.
Құжатқа сәйкес, ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады.
Зейнетақы жинағының төменгі шегінен артылған қаражатты орфандық ауруларға, қалпына келтіру операцияларына, радиохирургиялық емге, тісті емдеуге және тағы басқа медициналық қызметтерге пайдалануға рұқсат етілген.
Бұйрық 27 сәуірден бастап күшіне енеді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады