17.04.2025, 13:25
Қоғам
Қазақстанда алғаш рет омырау сүтін сақтайтын банк ашылды
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр
Фото: freepik.com
Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстандағы тұңғыш омырау сүтінің банкі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл банкке жиналатын сүт шала туған балалар мен анасы емізе алмайтын балаларға арналған.
«Омырау сүтінің жеке банкі - неонаталдық қызметті жетілдірудегі өте маңызды қадам. Сүт қауіпсіз жағдайда сауылады да арнайы ыдыста сақталады. Кейін дәрігерлер оны қатырып, керек болғанда сүтке мұқтаж балаларға береді», - деп хабарлайды министрлік.
Болашақта министрлік елдегі әрбір үшінші деңгейдегі перинаталдық орталықтарда осындай банктер ашуды жоспарлап отыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті