$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2025, 12:09
Қоғам

Шерзаттың өлімі: прокурор «Қамажай» дүкеніндегі төбелес қалай басталғанын айтып берді

Сотталушылардың бірі Әскентай дүкен алдына өз адамдарын шақырған

Шерзаттың өлімі: прокурор «Қамажай» дүкеніндегі төбелес қалай басталғанын айтып берді
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың өлімі бойынша басталған басты сот талқылауында мемлекеттік айыпталушы Талғар қаласындағы «Қамажай» дүкенінің алдында болған қанды төбелестің неден басталғанын баяндап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурордың айтуынша, былтыр 3 қазан түнгі сағат 23:22-де сотталушы Әскентай масаң күйде бола тұра, Талғар қаласындағы «Қамажай» дүкеніне кіріп, сол дүкеннен үш бөтелке сыра мен төрт дана темекі алып, өзінің кәмелетке толмаған танысы Асқарбекке ватсап арқылы хабарласып, дүкеннің сөресінде жазылып тұрған телефон нөміріне 1000 теңге аударуды өтінген. Ал Асқарбек Әскентай берген нөмірге өзінің анасының атына тіркелген банк шотынан мың теңге аударып, электронды чекті Әскентайдың ватсабына жіберген.

«Әскентай сатушы Нұрымовқа мың теңге аударым жасалғанын растайтын электронды чекті көрсетіп, оған қоса қолма-қол мың теңге берген. Өз кезегінде Нұрымов мың теңгеден Әскентайға 530 теңге қалдық ақщшасын қайтарып, екеуі өзара қол алысып, Әскентай дүкеннен шығып кеткен. Арада уақыт өте, яғни 23:33-те «Қамажай» дүкеніне Нұрымовтың кәмелетке толмаған баласы Полат кіріп, дүкеннің ішінде телефонын қуаттағышқа қойып, телефонға қарап отырған. Әрі қарай 23:47-де Әскентай «Қамажай» дүкеніне қайта кіріп, Нұрымовқа өзінің ұялы телефонын қуаттағышқа қоюды өтінген. Нұрымов ұялы телефонды кассада орналасқан қуаттағышқа қосқаннан кейін, Әскентай сыртқа шығып, дүкен алдында тұрған. Осы жағдайдың барлығын кәмелетке толмаған Полат дүкен ішінде бола тұра байқап, көп ұзамай сағат 23.50-де сыртқа шығып, дүкен алдында Әскентайдың іс әрекетін бақылай бастаған. Осы сәтте Әскентай дүкенге қайта кіріп, қуаттағышта тұрған ұялы телефонын алып, сыртқа шығып, дүкен алдында сырасын ішуді жалғастырған. Осы уақытта яғни 23.52-де Полат Әскентай әкесі Нұрымовқа қатысты балағат сөздер айтты деп болмашы себепті пайдаланып, «Қамажай» дүкенінің алдында тұрған Әскентайға оң жақ көзі тұсынан екі рет жұдырықпен соққы жасаған», - деп оқып берші прокурор қыз айыптау актсін.

Бұл мән-жайды дүкен есігінен бақылап тұрған Нұрымов бірден сыртқа шығып, өзінің баласына ескерту жасап, дүкеннен су алып, Әскентайдың жарақатынан аққан қанды жууға көмектескен. Сосын баласының әрекеті үшін Әскентайдан кешірім сұрап, денсаулығына келген зақымды өтеп беретінін айтқан. Алайда Әскентай Нұрымовтың кешіріміне құлақ аспай, орын алған жағдайды егжей-тегжей шешу үшін «Қамажай» дүкенінің алдына Тоқтаубаевты шақырған.

Прокурордың айтуынша, былтыр желтоқсанда жасалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, марқұм Шерзат Полат Әскентайдың оң жақ бетін сындырған. 

Айта кетейік, редакция Шерзат Полаттың сотынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шерзат Полат