ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 3,1 млн ұл мен 3 млн қыз бала бар – Статком

2019 жылы елде 402,3 мың бала дүниеге келді

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2020 жылдың басындағы есеп бойынша 0-17 жастағы 6,1 млн бала тұрады, бұл республика халқының үштен бір бөлігін (33%) құрайды. Соңғы 10 жылда балалар саны 26%-ға өсті, қалада (2010 жылдан бастап +45%) өсім  көп екені байқалады.

Ерте жастағы балалардың даму индексі балалардың оқудағы алғашқы дағдыларды меңгеруін сипаттайды, бұл бастауыш мектептегі үлгерім үшін шешуші фактор. Қазақстанда бұл көрсеткіш 85.5%  құрайды (2015ж.), бірақ жеткілікті деңгейге қарамастан, 2010 жылмен салыстырғанда аздаған төмендеу байқалады (86.1%).

Республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардың саны жекеменшік балабақшалар желісін кеңейту және шағын орталықтарды дамытудың арқасында соңғы 10 жылда 2 еседен астам ұлғайды және 2019 жылы 10,6 мыңды құрады. Тәрбиеленушілердің контингенті 3 еседен аса өсті және 892,3 мың баланы құрады.

Анықтама үшін: 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) Қазақстанның 2015 жылы қыркүйекте қабылдаған халықаралық міндеттемелерінің бірі. Ол  балалар мен жастардың өмірін жақсартуға бағытталған. Олар кедейлік пен аштықтың ауқымын қысқартуға (1 және 2-мақсаттар), денсаулық сақтауға (3-мақсат), білім беруді жақсартуға (4-мақсат) және гендерлік теңдікке (5-мақсат), балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға (16.2-мақсат), сондай-ақ балалардың өміріне әсер ететін басқа да бірқатар салаларға қатысты.