$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2025, 11:48
Қоғам

Бас прокуратура ағайынды Нығматулиндердің ісі туралы: арыз түсті

Іздеуде жүрген Арғын Нығматулин әлі табылмаған

Бас прокуратура ағайынды Нығматулиндердің ісі туралы: арыз түсті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Бас прокуратура Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов пен егіз сыңары Ерлан Нығматулинге қатысты түскен арызды қарап жатыр. Ал ағасы Арғын Нығматулин халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қойгелдиев Нұржан Нұрланов пен Ерлан Нығматулинге қатысты қандай арыз түскенін нақтыламады.

«Ұлы Нұрланов пен Ерлан Нығматуллинге қатысты арыз түсті. Қазір ол қаралып жатыр. Бір нәрсе айту әлі ерте. Ал Арғын Нығматуллинге қатысты Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген факті бойынша істі қарап жатыр. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Оның қайда жүргенін анықтағаннан кейін елге экстрадициялау туралы шешім қабылданады», - деді бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында Антикор мен Бас прокуратура Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары