$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2025, 10:56
Қоғам

Мендегі ақпарат бойынша Шерзаттың соты ашық өтуі керек – Бас прокурордың орынбасары

Шешімді сот қабылдайды

Мендегі ақпарат бойынша Шерзаттың соты ашық өтуі керек – Бас прокурордың орынбасары
Фото: видеодан скриншот

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы ашық өтуі мүмкін. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, іс шынымен оңай болған жоқ, өте көп сараптама жасалды. Іс материалдарымен танысуға көп уақыт кетті.

«Прокуратура толығымен ашықтықты қолдайды. Менің ақпаратым бойынша сот ашық өтуі керек. Бірақ, сіз білесіздер, соттың ашық не жабық өтетіні туралы шешімді сот қабылдайды. Ал біздің позициямыз, әрине, сотты ашық өткізу. Аз ғана уақыт қалды, күте тұрайық», - деді Қойгелдиев Сенат кулуарында.

Айта кетері, осы іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір күні сағат 12:00-ге белгіленген.

Бұған дейін Алматы облысының полициясы Шерзат Полаттың ісі тергеліп бітіп, сотқа жолданғанын хабарлады. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жасалып, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Естеріңізге салайық, былтыр қазан айының басында Талғарда төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Көп ұзамай қара жамылған отбасының үйі жанып кеткен.Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары