$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2025, 13:50
Қоғам

Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды

Сот жабық өткен

Қызылордада 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тоғыз адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Бүгін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық іс кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту және көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту баптарымен қаралды. Сотқа осы іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.

«Олардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, "WhatsApp" арқылы хат-хабарлармен, карточкалық шоттардың банктік үзінділерімен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ жәбірленушінің жауабымен дәлелденген», - деп хабарлады Қызылорда соты.

Прокурор үш адамды 6,8 жылға, бір адамды 4,6 жылға, тағы екі адамды 4 жылға. Тағы үш адамды 8 жылға соттауды талап еткен.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде төрт адамның кәмелетке толмағанын, тағы екі адамның ісіне қатты өкінгенін ескерген. Олардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Осылайша, сот кәмелет жасына толмаған үш бала 6,8 жылға сотталды. Тағы үш адам 4,8 жылға, тағы үш адам 7,6 жылға сотталды», - деп хабарлайды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары