$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2025, 11:46
Қоғам

Бірінші сыныпқа құжат тапсыруға асыққан ата-аналар eGov.kz порталын істен шығарған

Құжат тапсыру қызметі сағат үште қолжетімді болады деп сендірді шенеунік

Бірінші сыныпқа құжат тапсыруға асыққан ата-аналар eGov.kz порталын істен шығарған
Фото: freepik.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин eGov.kz электронды үкімет порталының неге жұмыс істемей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің айтуынша, электронды үкіметтің уақытша істен шығуы ата-аналардың белсенділігімен байланысты.

«Шынымен де бүгін электронды үкімет платформасында қысқа мерзімді ақау байқалды. Бұл мектепке құжат қабылдау қызметін қолданушылардың көптігімен байланысты болды. Платформа тез арада қайта қалпына келгенін атап өткім келеді», - деді Коняшкин Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, бірінші сыныпқа құжат қабылдау қызметі бүгін сағат 15:00-те басталуға тиіс болған.

«Тиісінше сағат үште бұл қызмет жұмыс істеп тұрады және қолжетімді болады», - деп сендірді Коняшкин.

Серіктес жаңалықтары