Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейбір қалаларда түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз кей өңірлерде ауа +26 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Өңірлерде ауа температурасы қандай болады?
Ақтөбеде түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус болады. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус күтіледі.
Жезқазғанда түнде +4...+6 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
Қарағандыда түнде ауа температурасы −1...−3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +8...+10 градус болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Көкшетауда түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус күтіледі. Қонаевта түнде +7...+9 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
Қостанайда түнде −1...−3 градус, күндіз +13...+15 градус болжанады.
Қызылордада түнде +8...+10 градус, күндіз +24...+26 градусқа дейін жылынады.
Павлодарда түнде +2...+4 градус, күндіз +10...+12 градус болады. Петропавлда түнде −1...−3 градусқа дейін суытып, күндіз +10...+12 градус күтіледі.
Семейде түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
Талдықорғанда түнде +2...+4 градус, күндіз +19...+21 градус күтіледі. Таразда түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Түркістанда түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градусқа дейін жылынады.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2...+4 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Өскеменде түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.